КВАНТТЫҚ ОПТИКА

КВАНТТЫҚ ОПТИКА – статистикалық оптиканың жарық өрістерінің микроқұрылымын және жарықтың кванттық табиғаты көрінетін оптикалық құбылыстарды зерттейтін саласы. Сәуле шығарудың кванттық құрылымы туралы түсінікті ғылымға 1900 жылы неміс физигі Макс Планк (1858 – 1947) енгізген. Интерференциялық өрістің статистикалық құрылымын алғаш болып 1934 жылы кеңестік физик Сергей Вавилов (1891 – 1951) байқаған, ол “жарық құрылымы” деген ғылыми атауды енгізген.

Жарық өрісі – күйі шексіз көп санды құраушылармен анықталатын күрделі физикалық нысан. Осы жайт монохроматты сәуле шығаруға да қатысты болды, классикалық сипаттау кезінде амплитуда, жиілік, фаза және полярлану арқылы толықтай сипатталады. Өріс параметрлерінің (бөліктерінің) шексіз көп болуы себепті, жарық өрісінің күйлерін толықтай анықтау мәселесінің шешімін табу мүмкін болмайды. Өлшеулердің кванттық сипаттамасы бұл мәселені шешуге тағы бір қиындық қосады, оған себеп  – фотондарды фотодетекторлармен тіркеуге байланысты болуында.

Лазерлік физиканың жетістіктері мен әлсіз жарық ағындарын тіркеу техникаларының кемелдендірілуі кванттық оптиканың дамуы мен оның мәселелерін шешуді анықтады. Жарық көзінің лазерлік кезеңге дейінгі дамытылуы өзінің статистикалық гаусстық үлестірілімдік қасиеттері бойынша, бір типті шу генераторлары секілді әсерлі болды. Осы өрістердің күйі іс жүзінде сәуле шығару спектрінің пішіні (формасы) мен оның қарқындылығы бойынша ғана анықталатын болған. Кванттық генераторлар мен кванттық күшейткіштердің шығуына байланысты кванттық оптика көптеген әртүрлі жарық көздеріне (гаусстық емес статистикалық сипатты емес) ие болды.

Кванттық оптикада кванттық когеренттілік ұғымының ерекше мәні болды. Когеренттілік өрістің ішінара және толықтай когеренттілігіне ажыратылды. Кванттық оптикалық әдістер бойынша молекулааралық өзараәсерлесудің кейбір қасиеттері анықталады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *