КВАДРУПОЛ (латынша «куадрум – төртбұрыш» + грекше «полос – полюс») – бір-бірінен белгілі бір (а) қашықтықта (сызбаға қараңыз) орналасқан, шамалары бойынша тең, бірақ таңбалары бойынша диполдік моментке қарама-қарсы екі диполдің жиынтығы ретінде қарастыруға болатын зарядты бөлшектердің электрлік бейтарап жүйесі. Квадруполдің электрлік моменті диполдің моментінен едәуір кіші. Квадруполдің негізгі сипаттамасы – оның квадруполдік моменті
(Q). (Сызбада көрсетілген квадрупол үшін Q = 2еla, мұндағы е – электр зарядының абсолюттік шамасы, l – диполдер өлшемі). Квадруполден алыс қашықтықтарда (R) электр
4-дәрежесіне Квадруполдегі дипольдердің салыстырмалы орналасуының мысалдары өрісінің кернеулігі (Е) R кері пропорционал кемиді, ал Е-нің зарядтарға тәуелділігі және олардың орналасуы жалпы жағдайда бес тәуелсіз шама жиынтығымен сипатталады, бұлар жүйенің квадруполдік моментін құрайды. Осы момент квадруполдің сыртқы баяу өзгеретін электр өрісінің энергиясын да анықтайды. Квадрупол 2-реттік мултипол болып табылады.