КАТОДТЫҚ ЛЮМИНЕСЦЕНЦИЯ

КАТОДТЫҚ ЛЮМИНЕСЦЕНЦИЯ – заттарды сыртқы электр өрісінде үдетілген электрондар ағындарымен қоздыру кезінде пайда болатын люминесценция. Бұл люминесценция ХІХ ғасырда электрон ашылғанға дейінгі уақытта белгілі болған; вакуумдалған әйнек түтіктерінде жарқырау тудырған электрондар шоқтары катодтық сәулелер деп аталған болатын, сондықтан әлгі жарқырау катодтық люминесценция деп аталған. Бұл люминесценцияны физикалық құбылыс ретінде алғаш зерттеген ағылшын физигі Уильям Крукс (1832–1919) болды.

Катодтық люминесценция кезінде электрондар энергиясының түрленуі бірнеше тізбекті кезеңдерден өтеді. Қоздырылған электрон ~10-14 секунд уақытта негізгі заттың атомдарын (немесе иондарды) алғашқы иондалуға ұшыратады, осы жайт заттарды каскадты (бірнеше рет) иондауға ұшыратудың басы болады. ~10-12 секунд уақытта, электрондардың (өткізгіштік зонада) және кемтіктердің (валенттік зонада) табалдырықтық энергиядан кем болған кезінде қарапайым қоздырулардың көбею үрдісі (процесі) аяқталады (табалдырықтық энергия тағы бір электрондық-кемтіктік жұпты түзуге қажетті энергия болып табылады). Жарқырау орталықтарына заряд тасушыларды иондандыру және келесі сәуле шығарғыштық рекомбинация осы орталықтарда әлгіндей заряд тасушылар жы- лулық жылдамдыққа дейін баяулатылған соң (~10-11–10-10 сек), яғни олардың кинетикалық энергиясы кристалдық тордың жылулық тербелістеріне дейін кемітілген кезде жүзеге асырылады. Жылулық шығынның болуы салдарынан катодтық люминесценцияның эффективтілігі 30–40%-дан аспайды.

Көрінетін, инфрақызыл немесе ультракүлгін сәулелер әртүрлі дәрежеде катод- тық люминесценцияға шығаруға бейім келеді. Мұндай қасиеттер көптеген таби-

 

ғи немесе арнайы синтездел- ген заттарда – таза және легир- ленген (қоспалар қосылған) жартылай өткізгіштерде және диэлектриктерде, әйнекте, молекулалық кристалдарда, ерітінділерде және қатты күй- дегі инертті газдарда байқа- лады. Катодтық люминесцен- ция техникада, (теледидардың, электронды-оптикалық түрлен- діргіштердің экрандарын жарқыратуда, т.б.) кеңінен қолданылуда.

КАТУШКА, индуктивтік катушкасы – электр тізбегінің берілген индуктивтілігін

Индуктивтік катуш- ка электр тізбе- гінің соленоиды бо- латын бөлігі. Катуш- кадан ток өткен кез- де магнит өрісі пай- да болады. Себебі өрістің қарқынды- лығы токтың ка- тушканың орамда- рын қиып өтетін күш сызықтары санының артуына немесе ке- муіне байланысты өз- гереді. Бұл токтың қарама-қарсы өзге- рісіне қарсы өзгере- тін генератор секіл- ді. Индуктивтік ка- тушканың эффек- тивтілігін оның ор- тасына темір өзек- ті сұғындыру немесе шығару арқылы өзгертуге болады.

 

қамтамасыз ететін электртехникалық құрылғы. Оның цилиндр, тороида, n әрпі тәрізді қаңқалы және цилиндр өзекшелі түрлері бар. Катушканың салыстырмалы аз сыйымдылығы және аз активті кедергісі болғанда да индуктивтілігі жоғары болады. Катушкалар магниттік энергияны жинақтау немесе әртүрлі жиілікті электр сигналдарын шектеу үшін қолданылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *