
ЖЫЛДАМДЫҚ, м е х а н и к а д а ғ ы – нүкте қозғалысының негізгі кинематикалық сипаттамаларының бірі; υ = dr/dt (мұндағы r – нүктенің радиусвекторы, t – уақыт) теңдігімен анықталатын векторлық шама. Бірқалыпты қозғалыс кезіндегі нүктенің жылдамдығы сан жүзінде жүрілген жолдың (S) уақыт аралығына (t) қатынасына тең, яғни υ = S/t, жалпы жағдайда сан жүзінде υ = dS/dt. Жылдамдық векторы нүкте траекториясының жанамасы бойынша бағытталған. Егер нүктенің қозғалысы оның декарттық координаттарының (х, у, z) t-ге тәуелділігін өрнектейтін
теңдеулермен берілген болса, онда υ=2 22 , мұндағы υx = dx/dt, υy = dy/dt, υz = dz/dt, ал жылдамдық векторлары бұрыштар косинустары координаттар өстерімен сәйкес түрде υx/ υ, υy/ υ, υz/ υ қатынастарын құрайды. Жылдамдық әдетте м/сек (Халықаралық бірліктер жүйесінде) немесе км/сағ бірлігімен өлшенеді.
ЖЫЛДАМДЫҚ – физикалық айнымалы шама өзгерісінің осы өзгеріс болған уақыт аралығының қатынасымен анықталатын әлгі физикалық шаманың өзгерісінің шапшаңдығы.
Абсолюттік жылдамдық – нүктенің санақтың абсолют жүйесіне қатысты қозғалысының шапшаңдығы.
Ғарыштық бірінші жылдамдық – дененің Жердің жасанды серігіне айналуы үшін оған берілуі қажет ең аз шапшаңдық.
Ғарыштық екінші жылдамдық – дененің Жердің тартылыс өрісіндегі ұшу орбитасы параболалық орбита болуы үшін, оған берілуге қажет ең аз шапшаңдық.
Ғарыштық үшінші жылдамдық – дененің Күннің тартылыс күшін жеңіп, Күн жүйесінен тысқары ұшып шығуына қажет шапшаңдық.
Дыбыс жылдамдығы – серпімді толқынның қалпы өзгермейтін жағдайдағы қозғалыс шапшаңдығы.
Жарықтың вакуумдағы жылдамдығы – кез келген электрмагниттік тол- қындардың таралу шапшаңдығы және кез келген физикалық ықпалдардың та- ралуының шекті шапшаңдығы; іргелі физикалық тұрақты шама.