ЖҰПТЫЛЫҚ

ЖҰПТЫЛЫҚ – микробөлшектердің (молекуланың, атомның, атом ядросының, қарапайым бөлшектердің) симметриялық қасиеттерін бейнелейтін толқындық функцияның айналық шағылысуға қатысты әлгі микробөлшектер күйлерінің кванттық-механикалық сипаттамасы. Күшті және электрмагниттік өзараәсерле- судің салдарынан туындайтын үрдістерде жұптылықтың сақталу заңы орын алған: белгілі бір айналық симметрияның бастапқы күйіне ие болатын физи- калық жүйе осы симметрияны кейінгі уақыт сәттерінде де сақтайды. Жұпты- лықтың сақталуы атомдардың электрмагниттік сәулелері және атом ядрола- рының, ядролық реакциялар мен қарапайым бөлшектердің бір-біріне өзара ай- налу реакциялары үшін бірқатар таңдау ережесіне әкеп соғады.

Ядролық бета-ыдырау нәтижесінде туындайтын әлсіз өзараәсерлесуде, жұптылықтың сақталу заңы бұзылады. Осындай бұзылыстың болуын 1956 жылы қытай физиктері: Ли Цзундао және Янг Чженьнин алдын ала болжаған, 1957 жылы американ физигі Ву Цзяньсюн ядролық β-ыдырау туралы тәжірибесі негізінде растаған. Мұны американ физигі Лео Ледерман (1922 ж.т.) мюонның ыдырауы кезінде байқаған.

1952 жылы американ физигі Э.Вигнер айналық шағылысу кезінде электронның оң зарядталған (массасы бұрынғыдай) бөлшекке – позитронға айналатынын байқаған болатын. Ол барлық бөлшектердің сәйкес антибөлшектерге айналу мүмкіндігін болжаған. Осы құбылысты кеңес физигі Лев Ландау (1908 – 1968) комбинациялы инверсия деп атаған.

Кванттық теориядағы жұптылық микробөлшектердің негізгі және қоздырыл- ған күйлерін сипаттайтын физикалық шама болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *