
ЖҰПТАРДЫҢ ТУУЫ, бөлшек, антибөлшек жұбының тууы – қарапайым бөлшектердің өзара түрленуінің электрмагниттік немесе өзгедей кез келген өзара әсерлесу нәтижесінде бір мезгілде бөлшек пен антибөлшектің пайда болуы. Жұптардың туу мүмкіндігі (жұптардың аннигиляциясы секілді) Дирак теңдеуінің салдары ретінде болжанған. 1933 жылы француз физиктері ерлізайыпты Ирен (1897 – 1956) мен Фредерик (1900 – 1958) Жолио-Кюрилер магнит өрісіне орналастырылған Вильсон камерасы арқылы электрон-позитрондық жұп γ-кванттарын байқаған. Энергия-импульстің сақталу заңына сәйкес жекелеген фотондардан жұптардың тууы мүмкін емес. Фотоннан жұптардың туу үрдісі ядроның және атом электрондарының кулондық өрісінде, бөлшектердің тыныштықтағы энергиясынан екі есе артық болатын энергиясы кезінде жүзеге асады. Жоғары энергиялы бөлшектердің соқтығысулары кезінде мюондық жұптар (μ+ μ–) пайда болады.
ЖҰП – бірдей екі нәрсе; бір нәрсенің екі данасы; қосарланған нәрселер. Осы түсінік физикалық нысандарға, құбылыстарға да қолданылады.
Айналу жұбы – ілгерілемелі қозғалысқа әкелетін, бірдей және қарама-қарсы бағыттағы бұрыштық жылдамдықтармен параллель екі өстің айналасындағы (төңірегіндегі) айналыс.
Куперлік жұп – екі фермионның мысалы Бозе-Эйнштейн үлестірілуіне бағынатын және металдардағы асқынөткізгіштікті және гелийдің асқынақ- қыштығын қамтамасыз ететін екі электронның ферми-сұйыққа бірігуі. Амери- кан физигі Леон Купердің (1930 ж.т.) құрметіне аталған.
Күштер жұбы – шамасы бойынша тең және параллель, бірақ қарама-қарсы бағытталған екі күштің жүйесі.