
ЖҰТЫЛУ – физикалық әртүрлі үрдістерде энергияның түрлену, сәуле қарқындылығының кемуі, т.б. құбылыстарға қатысты қолданылатын түсінік.
Гамма-сәуленің резонанстық жұтылуы – атом ядроларының қозған күйге ауысуының салдарынан атом ядроларының гамма-кванттарды жұтуы.
Жарықтың жұтылуы – зат арқылы өтетін оптикалық сәуленің қарқынды- лығының кемуі.
Жарықтың көпфотонды жұтылуы – әртүрлі монохроматты жарық көздерінен таралатын (шығатын) бірнеше фотонның өзараәсерлесуінің бір актісіндегі жұтылуы.
Жарықтың резонанстық жұтылуы – жарықтың атомдарды жұтушы ортаның негізгі күйден қозған күйге ауысуына сәйкес болатын жиілікпен жұтылуы.
Толқындардың жұтылуы – толқындардың өздерінің энергиясы таралатын ортамен өзараәсерлесуі нәтижесінде әлгі толқындар энергиясының өзге энергия түріне түрленуі.