ЖИІЛІКТІК КВАНТТЫҚ СТАНДАРТ (ағылшынша «standart – үлгі, норма») – бір энергетикалық күйден (атомдардың, молекулалардың, иондардың) өзге энергетикалық күйге өтуге кванттық ауысулар пайдаланылған тербелістер жиілігін дәл өлшеуге арналған немесе өте тұрақты жиілікті тербелістер шығаруға арналған құрылғы. Жиіліктік кванттық стандарттар тербелістер жиілігін, сол себепті олардың периодын (уақытын) өте жоғары дәлдікпен өлшеуге мүмкіндік тудырады. Осы жайт бұл жиілікті тек лабораториялық қолданысқа ғана емес метрологияда және уақыт қызметінде де пайдалану үшін енгізуге негіз болған. Жиіліктік кванттық стандарттары ұлттық жиіліктер мен уақыттың екінші реттік эталондарының негізі болып табылады. Бұл стандарт ұзақ уақыт өте жоғары тұрақтылықта жұмыс істеуімен сипатталады.
Жиіліктік кванттық стандарттарды екі топқа ажырату қабылданған: активті және пассивті кванттық стандарттар. Жиіліктік пассивті кванттық стандартында өлшенбекші жиілік белгілі бір сызықтық спектрмен салыстырылады. 1967 жылы Халықаралық келісім бойынша секунд Цезийдің жалғыз тұрақты изотопының 133Сs
Атомдық-сәулелік цезийлік түтіктің сұлбасы. 1 – шоқ көзі; 2 және 4 – бұру магниттері; 3 – көлемдік резонатор; 5 – қызған вольфрам өткізгіш (детектор); 6 – иондар коллекторы
энергия деңгейлері аралығындағы белгілі бір ауысуға сәйкес болатын 9192631770,0 тербеліс периодының ұзақтығы – секундтық ұзақтықты анықтайтын болған.
Цезийлік жиіліктік кванттық стандарт құрылғысының негізгі бөлігі атомдықсәулелік түтік, оның бір жағының ұшында цезий атомдарының көзі (сұйық цезиймен толтырылған қуыс) орналасқан. Сұйық цезий 100°С температурада оның қысымы аз болатындықтан атомдар цезий көзінен ұшып шығады, түтіктің қарама-қарсы ұшындағы цезий атомдарының детекторына келіп түседі. Детектор қыздырылған вольфрам сымнан (5) және коллектордан (6) құралған. Цезий атомы сымға жанасқан сәтте ол осы сымға электронын беріп, атомның өзі ион түрінде коллекторға тартылады. Коллектор мен сымның арасындағы тізбекте электр тогы пайда болады. Атомдар шоғы цезий көзінен детекторға жеткенше Н1 және Н2 тұрақты біртексіз магнит өрістерінен өтеді. Н1 өріс шоқты бөлшектейді, Н2 өріс бөлшектенген шоқты детекторға тоғыстайды (фокустайды). Атомдар шоғы Н1 және Н2 өрістері аралығында көлемдік резонатор арқылы өтіп, электрмагниттік тербелістер арқылы қоздырылады. Осыдан әртүрлі екі энергияға бөлшектенген атом шоқтары өзара ауысатын болады.
ЖИІЛІКТІК МОДУЛЯЦИЯ (латынша «модулатио – өлшемділік») – таратылатын сигналға үйлесетін (сәйкес болатын) уақыттық заң бойынша өзгеретін жоғары жиіліктік тербелістер модуляциясының түрі.
