ЖИІЛІК

ЖИІЛІК – кез келген периодты үрдістің (процестің) толық циклдер санының осы циклдер саны жүзеге асырылатын уақыт аралығына қатынасы.

Айналдыру жиілігі – нүктенің тұйық траектория бойынша периодты қозғалысының жиілігі.

Айналу жиілігі – қатты дененің осінің төңірегінде бірқалыпты айналып қозғалуының жиілігі.

Комбинациялық жиілік – сызықтық емес жүйе тудыратын гармониялық тербелістердің жиіліктерінің қосындысына немесе айырымына тең комбинациялық тербелістердің жиілігі.

Ларморлық жиілік – ларморлық процессияның бұрыштық жылдамдығы. Бұл жиілікті 1895 жылы ағылшын физигі Джозеф Лармор (1857 – 1942) ашқан.

Өздік жиілік – сыртқы күштер әсер етпейтін жүйенің гармониялық тер- белістерінің жиілігі.

Резонанстық жиілік – резонанс құбылысы пайда болатын кездегі тербелістердің жиілігі.

Сипаттамалық жиілік – химиялық байланысқа сәйкес болатын молекулалардағы белгілі атомдар тобының тербелістерінің жиілігі.

Сызықтық жиілік – гармониялық тербелістердің жиілігі.

Тасушы жиілік – модуляцияланатын толқындардың жиілігі.

Циклдік жиілік – гармониялық тербелістердің 2π-ге көбейтілген жиілігі.

Циклотрондық жиілік – магнит өрісі кернеулігінің векторына перпендикуляр жазықтықтағы тұрақты магнит өрісіндегі зарядты бөлшектерді айналдыру жиілігі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *