ЖОҒАРЫ ТЕМПЕРАТУРА

ЖОҒАРЫ ТЕМПЕРАТУРА – 1) бөлме температурасынан артық температура (Т) [~300К (кельвин)]. Электр тогымен қызатын металл өткізгіштердің қызуы бірнеше мың кельвинге (К) дейін жетеді, жалынның қызуы жуық шамамен 5000 К, газдардағы электр разрядының қызуы ондаған мың кельвиннен (К-нен) миллион К-ге; лазерлік сәуленің қыздыруы – бірнеше миллион К-ге дейін, термоядролық реакция аймағындағы (зонасындағы) температура ~107 – 108 (10 миллионнан жүз миллионға дейін) К-ге жетеді. Нейтрондық жұлдыздардың пайда болуы кезіндегі температура ~1011 К-ге дейін жетуі мүмкін, ал Ғаламның бастапқы даму кезеңіндегі температураның соңғы аталған температурадан да әлдеқайда үлкен болғаны анық.

2) Заттардың қасиеттері сапалық өзгерістерге ұшырайтын температураға жеткен кездегі кез келген сипаттамалық температурадан артық температура. Мысалы, Дебай температурасы (Vд) әрбір зат үшін кванттық эффект (жоғары температура жағдайында Т>>Vд) әсер етпейтін температуралық шекті анықтайды. Б а л қ у температурасы қатты және сұйық күйлердің аймағын шектейді. К р и з и с т і к температура бу мен сұйықтың болуының жоғарғы шегін анықтайды. С и п а т т а м а л ы қ температура ретінде молекулалық диссоциация (ыдырау) (Т ~ 104 К) басталатын температураны көрсетуге болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *