
ДӨҢГЕЛЕК ҮРДІС, дөңгелек процесс (ц и к л) – жүйенің бірқатар өзгеріс- терге ұшырап, қайтадан бастапқы күйіне оралуы кезіндегі термодинамикалық үрдіс. Дөңгелек үрдіс нәтижесінде жүйе күйінің термодинамикалық параметрлері мен сипаттық функциясы (ішкі энергиясы U, энтальпиясы, изохоралық және изобаралық термодинамикалық потенциалдары, энтропиясы, т.б.) қайтадан бастапқы мәндерін қабылдайды және сондықтан дөңгелек үрдіс кезінде олардың өзгерістері нөлге тең болады (∆U=0 т.б.). Термодинамиканың б і р і н ш і б а с- т а м а с ы н а н (энергияның сақталу заңынан), дөңгелек үрдісте жүйе үстінен істелген жұмыс (А) дөңгелек үрдістің әрбір учаскесінде қабылданған немесе берілген жылу мөлшерлерінің (Q) алгебралық қосындысына тең: ∆U = Q – A = 0, A = Q. Тура дөңгелек үрдіс деп аталған үрдістің нәтижесінде жылу жұмысқа айналады, ал кері дөңгелек үрдісте жұмыс онша қызбаған денеден едәуір қызған денеге жылу ауыстыруға шығындалады. Тізбектеліп өтетін жүйе күйлері тепе-тең күйге жақын болатын тепе-теңдік (дәлірек айтқанда квазитепе-теңдік) дөңгелек үрдіске және ең болмағанда учаскелерінің бірі тепе-тең емес үрдіс болатын тепетең емес дөңгелек үрдіске ажыратылған. Тепе-тең дөңгелек үрдістің пайдалы әсер коэффициенті үлкен болады (мысалы, Карно циклі).
Әртүрлі тепе-тең дөңгелек үрдістерге жүргізілген есептеулер термодинамикалық алғашқы зерттеулер әдісі болды. Соның негізінде идеал жылу машинасының жұмыстық циклі (Карно циклі) талданған, термодинамиканың е к і н ш і б а с- т а м а с ы н ы ң математикалық өрнегі анықталған, термодинамикалық температуралық меже белгіленген, көптеген маңызды термодинамикалық қатынастар айғақталған (Клапейрон – Клаузиус теңдеуі, т.б.). Дөңгелек үрдіс техникада іштен жану қозғалтқыштарының, әртүрлі жылулық және тоңазытқыш қондырғыларының жұмыстық циклдері ретінде қолданылады.