
ДОПЛЕР ЭФФЕКТІСІ – тербелістер көзінің және бақылаушының бір-біріне қатысты қозғалыстары кезінде бақылаушы қабылдайтын тербелістер жиіліктерінің (ω) немесе толқындар ұзындықтарының (λ) өзгеруі. Бұл эффектінің пайда болуын мына мысалмен түсіндіруге болады. Қозғалмайтын толқын көзі көршілес екі импульс тізбегінің арасы толқын ұзындығы (λ0-ге) тең болатын біртекті ортада ешқандай ауытқуға ұшырамайтын импульстерді тұрақты жылдамдықпен (υ) тарататын болсын дейік. Сонда қозғалмайтын бақылаушы осы импульстер тізбегін Т0 = λ0/υ уақыт өткен соң қабылдайтын болады. Егер де толқын көзі бақылаушы тұрған жаққа V<< υ жылдамдықпен қозғалатын болса, онда көршілес импульстер Т = λ/ υ уақыт аралығынан кіші уақыт аралығына бөлінетін болады,
мұндағы λ = λ0 – VT0. Егер импульстердің орнына үздіксіз гармониялық толқындағы көршілес импульстер қарастырылатын болса, онда Доплер эффектісі кезінде бақылаушы қабылдайтын әлгі толқындардың жиілігі ω = 2π/Т, тербеліс таратушы көздің жиілігі ω0 = 2π/T0-дан үлкен болады: ω = ω0/(1–V/υ) (1).
Тербелістер көзі бақылаушыдан алыстаған (қашықтаған) кезде қабылданатын жиілік кемиді, бұл жайтты (1) формула да сипаттап тұр, тек
Қозғалыстағы дыбыс көзі тара- татын дыбыс толқындарының ортасы дыбыс көзінің қозғалыс бағытына қарай ығысқан көпте- ген шеңберлер түрінде болады.
Жарық шығаратын дененің спектрін зерт- теу ол дененің жақын- дап келе жатқанын немесе алыстап кетіп бара жатқанын анық- тауға мүмкіндік бере- ді. Егер дене жақындап келе жатса, онда ба- қыланып отырған жа- рықтың толқын ұзын- дығы едәуір қысқа болып, дене тым көгіл- дір түсті болып кө-
ондағы жылдамдықтың (V) таңбасы өзгереді. Жарық немесе механикалық толқын (мысалы, дыбыс) көздерінің қозғалысы бұлардан таралған толқынның тербеліс жиілігін өзгертеді. Толқын көзі мен бақылаушы аралығы жақын- дағанда, қабылданатын тербе- лістің жиілігі артады, ал олар
рінбек. Егер де дене алыстап кетіп бара жатса, онда
жарықтың толқын ұзындығы артып, дене тым қызыл бір-бірінен қашықтағанда әлгі түсті болып көрінбек. Осы құбылыс Доплер эффектісі тербеліс жиілігі кемиді. Мыдеп аталған. Доплер эффектісі кез келген өздігінен
жарық шығаратын дененің спектрінде орын алады. салы, жақындап келе жатқан паровоз ысқырығының тоны (жиілігі) артады, ал бақылаушыдан қашықтап кетіп бара жатқан паравоздың ысқырығының тоны (жиілігі) төмен болады.
Осы эффектіні 1842 жылы австрия физигі әрі астроном Христиан Доплер (1803–1853) акустикалық және оптикалық құбылыстар үшін теория жүзінде ашқан. Доплер эффектісі 1845 жылы тәжірибе жүзінде расталған. 1848 жылы француз физигі Арман Физо (1819 – 1896) «доплерлік ығысу» деген ұғымды ғылыми тілге енгізген. 1867 жылы бұл ығысудың жұлдыздар мен тұмандықтарда кездесетіндігі анықталған. Доплер эффектісі сәуле көздерінің немесе нысандардың (объектілердің) шашырататын толқындарының қозғалыс жылдамдықтарын өлшеуге мүмкіндік береді. Бұл эффект астрофизикада жұлдыздардың қозғалыс жылдамдықтарын анықтау үшін қолданылуда. Бұл эффект спектрскопияда атомдар мен иондар сәулелерінің спектрлік сызықтарының таралуы негізінде әлгілердің температурасын өлшеу тәсілдерін жасауға жол ашқан.