
ДРОССЕЛЬ (немісше – қысқарту, өшіру), э л е к т р л і к – электр тізбегіне тізбектегі токтың айнымалы құраушысын жою (басу) үшін, сондай-ақ әртүрлі жиілікті сигналдарды ажырату немесе шектеу үшін жүктемемен бірге тізбектеліп қосылатын индуктивтік катушка. Дроссель көбінесе электрлік сүзгілерде қолданылады.
ДРОССЕЛЬДЕУ (немісше – қылқындыру) – газдың немесе сұйықтың жер- гілікті гидродинамикалық кедергі арқылы өтуі кезінде олардың қысымын төмен- дету (саңылауды, вентильді, кранды, кеуекті аралық қабатты кішірейту). Дроссельдеу кезінде бір мезгілде температура өзгереді, бұл жайт газдарды сұйылту кезінде пайдаланылады. Дроссельдеу сонымен қатар сұйықтардың және газдар- дың шығындарын өлшеу және реттеу үшін де қолданылады.