ДИЭЛЕКТРЛІК ӨТІМДІЛІК

ДИЭЛЕКТРЛІК ӨТІМДІЛІК – электр өрісінің (Е) әсерінен диэлектриктердің полярлануын сипаттайтын шама (ε). Диэлектрлік өтімділік Кулон заңына диэлектриктегі екі еркін (бос) зарядтың өзараәсерлесу күштерінің вакуумдағы күштен неше есе кем екенін аңғартатын шама ретінде енеді. Өзараәсерлесудің әлсіреуі ортаның полярлануы нәтижесінде еркін зарядтардың экрандалуы себепті пайда болады. Байланысқан зарядтардың электрлік бейтарап ортада микроскопиялық қайталанып үлестірілудің салдарынан пайда болады және еркін зарядтардан айырмашылығы сол өріс әсерінен микроскопиялық қашықтыққа орын ауыстыруға қабілетсіз, яғни заттардың электр өткізгіштігіне қатыса алмайды. Диэлектрлік өтімділік мына формула бойынша анықталады: D=ε·Е, мұндағы Е – электр өрісінің кернеулігі, D – диэлектриктегі электр индукциясы. Диэлектрлік өтімділіктің шамасы заттың табиғатына, сыртқы әсерлерге (температура, қысым т.б.) байланысты өзгереді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *