Сөйлеу тілінің анатомиялық-физиологиялық механизмі

 Сөйлеу тілінің анатомиялық-физиологиялық механизмін жақсы білу, (сөйлеу әрекетінің құрылымы мен оның функционалды ұйымдастырылуын) біріншіден, қалыпты жағдайда сөйлеу тілінің күрделі механизмін, екіншіден, сөйлеу тілінің ақаулықтарын талдауына дифференциалды түрде қарау, үшіншіден, түзету жұмысының жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.
Сөйлеу қабілеті сөйлеу аппараттарын іске қосатын орталық және шеткі күрделі жүйке жүйелері арқылы іске асады. Сөйлеу әрекетінде бас ми қызметі басты роль атқарады.
ХХ ғасырдың басында сөйлеу тілі қызметі бас мида орналасқан ерекше «оқшаланған сөйлеу орталықтарымен» байланысты деген көзқарас таралған болатын. И. П. Павлов бұл ойға жаңа бағыт беріп, ми қыртысының сөйлеу қызметінің шоғырлануы (локализациясы) тек күрделі ғана емес, сонымен қатар өзгермелі екенін дәлелдеп, оны «динамикалық локализация» деп атаған.
П. К. Анохин, А. Н. Леонтьев, А. Р. Лурия және т.б. ғалымдардың зерттеулері бойынша кез келген жоғары психикалық қызметтің негізі жеке «орталықтар емес», орталық жүйке жүйесінің әртүрлі бөліктерінде орналасқан, бір бірімен біртұтас әрекетпен байланысты күрделі функционалды жүйелер болып табылады.
Сөйлеу процесі адам баласына ғана тән, өте күрделі жоғарғы психиқалық қабілет.
Ол шартты рефлекс заңдарына бағынады. Сөз арқылы қатынасқа түсу процесінде (коммуникация) адамдар бір бірімен ой бөлісіп, бір біріне ықпал етеді. Сөздік қатынас тіл арқылы мүмкін болады. Тіл дегеніміз – қатынас құралының фонетикалық, лексикалық, грамматикалық жүйесі.
Сөйлеуші өз ойын жеткізу үшін керек сөздерді іріктеп, оларды тілдің грамматикалық ережелерімен байланыстырып, сөйлеу аппаратының артикуляциясы арқылы айтады.
Адамның сөзі түсінікті және анық болу үшін, сөйлеу мүшелерінің қимылы заңды және нақты болуы тиіс. Сонымен бірге бұл қимылдар әдеттенген болып, еріксіз іске асуы керек.
Әдетте, сөйлеуші тек өз ойының ағымын ғана ескереді де, ал сөйлеген кезде оның ауыз қуысындағы тілі қандай қалыпта болуы керек екені, қай кезде тыныс алу керек екенін, т.б. ойламайды. Бұл сөйлеу механизмінің әрекеті нәтижесінде іске асады. Сөйлеу механизмінің әрекетін түсіну үшін сөйлеу аппаратының құрылымын жақсы білу қажет.
Сөйлеу аппараты дегеніміз – орталық жүйке жүйесінің әр бөлігіне әр деңгейде орналасқан, бірақ барлығы жиылып бір іске жұмылған өз алдына дербес қабілетті жүйе (Правдина О. В.).
Сөйлеу аппараты бір бірімен тығыз байланысты екі бөліктен тұрады: орталық (реттеуші) және перифериялық (шеткі- атқарушы). Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Логопедия. Л.С.Волкованың ред . М., 2007.
2. Өмірбекова Қ.Қ., Серкебаев Қ. Логопедия. Алматы, 1996.
3. Қ.Қ.Өмірбекова, Тулебиева Г.Н., т.б. «Логопедия негіздері». Алматы, 2009
4. Энциклопедический словарь медицинских терминов: В 3-х томах /Б. В. Петровскийдың ред. – М.: Сов. энциклопедиясы.-Т. 3.-1984.- 27б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *