Логопедия ғылымы (логопед)

 Логопедия дегеніміз — сөйлеу тілінің кемістіктерін, оның бұзылу себептерін, болдырмау жолдарын, сонымен бірге осындай кемістіктерді әртүрлі жолдармен түзетіп жоюдың тәсілдерін зерттейтін арнайы педагогикалық ғылым.
«Логопедия»-logos (сөз) және paideia (тәрбиелеймін, үйретемін) деген грек сөзінің түбірінен алынған. Логопедия арнайы педагогиканың (дефектологияның) бір бөлігі болып есептеледі.
Сөйлеу тілі бұзылуының түрлері және оған көрсететін көмек жайында баршамызга ежелден белгілі. Сөйлеу тілінің бұзылуы жөнінде алғашқы мәліметтерді ежелгі Греция, Үндістан ескерткіштерінен (папирустер, аюрветтер) кездестіруге болады.
Мысалы, Ресейде логопедия жеке педагогикалық ғылым ретінде бірден қалыптасқан жоқ. Алғашқыда (17ғ.) логопедия сурдопедагогика құрамында болған. 19 ғасырдан бастап логопедия жеке дара ғылым боп бөлінген, бірақ ол медициналық бағытта болды. Тек 20 –ші ғасырдың 30-ші жылдарында Дефектология Ғылыми Зерттеу Институтының құрылуына байланысты логопедия педагогикалық ғылым болып танылды. Казіргі логопедия мектеп жасына дейінгі, мектептегі логопедия және жеткіншектер мен ересектер логопедиясы деген бөлімдерден тұрады.
Логопедия пәні сөйлеу тілінің бұзылуы және сөйлеу тіл кемістігі бар тұлғаларды оқыту және тәрбиелеу үрдісі болып табылады.
Логопедияның зерттеу нысаны — сөйлеу тілінің бұзылуынан зардап шеккен адам.
Сөйлеу тіл бұзылыстарын физиологтар, невропатологтар, психологтар, лингвистер және т.б. зерттеп, қарастырады. Бұл ретте олар сөйлеу тіл кемістігін өз ғылымдарының мақсатына байланысты қарастырады. Логопедия болса сөйлеу тіл кемістігін арнайы ұйымдастырылған құралдар,тәсілдер арқылы алдын алу және түзету тұрғысынан қарастырады, сондықтан ол арнайы педагогикаға жатады.
Логопедияның негізгі мақсаты сөйлеу тілі бұзылған адамды оқытуды, тәрбиелеуді және қайта тәрбиелеуді, сонымен бірге сөйлеу тілі кемістіктерінің алдын алу жолдарын ғылыми негізде жете зерттеу болып табылады. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Логопедия. Л. С. Волкованың ред. М., 1989. 1тарау.
2. Қ. Қ.Өмірбекова, Қ. Серкебаев. Логопедия.Алматы, 1996.
3. Қ. Қ.Өмірбекова, Тулебиева Г. Н., т.б. «Логопедия негіздері». Алматы, 2009
4. Қ. Қ.Өмірбекова. Логопедияның терминологиялық сөздігі, Алматы, 2007.
5. Коржова Г. М., Оразаева Г. С. Из истории развития системы логопедической помощи в Казахстане. Алматы, 2004.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *