ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕФЕКТОЛОГИЯНЫҢ ДАМУЫ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕФЕКТОЛОГИЯНЫҢ ДАМУЫ

Ж.Б. Ахметжанова, ф.ғ.к., доцент,
Д.Е.Калел ДФ-32 тобының студенті
Академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Аннотация: В данной статье рассматриваются вопросы развития специального образования в Казахстане и психолого-педагогической поддержки детей с особыми образовательными потребностями. Описана деятельность дефектолога и значимость этой профессии. и описан их вклад в развитие отечественной дефектологии. В статье раскрыты понятия «дефектология», «интеграция», «специальное образование» и «особые образовательные потребности». Были изучены книги и статьи казахстанских дефектологов, как Ж.И.Намазбаева, Л.О.Сарсенбаева, Л.Х.Макина, Бектаева К.Ж., Өмірбекова Қ.Қ, А.Қ.Рсалдинова и т.д. Развитие дефектологии в Казахстане началось с исследований Ж.И. Намазбаевой о личности ребенка с особыми потребностями и т.д.
Ключевые слова: дефектология, обучение, воспитание, дети с ограниченными возможностями, органы зрения, слуха, речи.

Әр адам қайталанбас тұлға болып есептеледі. Солардың бірі, қоғамның бір мүшесі – мүмкіндігі шектеулі балалар. Оларға қайырымдылық жасау, мейірімділік таныту – әрбір адамның міндеті. Ерекше қажеттіліктері бар балаларды білім берумен қамтамасыз ету арнайы көңіл бөлуді талап етеді. Дефектология көру, есту, сөйлеу мүшелерінде, ақыл-ойының дамуында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейтін педагогиканың марнаулы саласы. Дефектолог маманы кемістігі бар балалардың психологиялық және физиологиялық даму ерекшеліктерін зерттейді. Дефектология ғылымның зерттеу объектісі — дамуында қандай да бір кемістігі бар адам. Өмірден түңілген жандарға және олардың отбасына қолдау көрсету, толыққанды, еркін өмір сүруге үміт беру, ойнау, күлу,оқу, қатарлас құрбылармен араласу, мектеп немесе балабақша сахнасында өнер көрсету, қол өнер жасау және сурет салу, ересек өмірге дайындау, өз еліне халқына қажетті азамат болу мүмкіндігін сыйлай алатын маман — арнайы педагогтар, яғни дефектологтар.
Қазақстанда дефектология ғылымының дамуы Ж.И. Намазбаеваның кемтар баланың тұлғасын зерттеу жұмыстарынан басталған. 1971 жылдары ақыл-ойы кемтар балалардың өзін-өзі бағалау тұлғалық ерекшеліктерін зерттеген, кейін бұл бағыттағы жұмыс жалғасын тауып, 1986 жылы психология ғылымының докторлық диссертациясында нақтыланған [1]. 1980ші жылдары психология саласында психикалық дамуы тежелген балаларды зерттеу жұмыстары жүргізілді. Л.О. Сарсенбаева көмекші мектеп оқушыларының тұлғалық бағытын қарастырса, Л.Х. Макина ақылойы кемтар балалардың тұлғааралық қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу жұмысын жүргізген. Қазақстан дефектологтары кемтар балалардың тілді меңгеру мәселесін зерттеп бұл салада да құнды еңбектер жазды. Атап айтқанда, Бектаева К.Ж., Өмірбекова Қ.Қ көмекші мектеп оқушыларын тілге оқыту әдістемесі бойынша мазмұндама және шығармалар жазуға үйрету жұмыстарымен толықтырған.
Ал математика әдістемесі бойынша Р.А. Сүлейменова ақылойы кемтар балалардың емдеп шығарудағы қиындықтарының ерекшеліктерін зерттеуі еңбектері [2] мен И.Е. Терехованың көмекші мектепте ондық бөлшектерге оқыту туралы ғылыми жұмыстары өзектілігімен ерекшеленген. Арнайы мектептің негізгі міндеті түлектерін әлеуметтік бейімдеу жұмысын әзірлеу үшін А.Қ. Рсалдинованың ақылойы кемтар балалардың стандартты нұсқау бойынша жұмыс жасауға үйрету аса маңызды, бағалы еңбек. Қазақстан дефектологтары кемтар балалардың тілдік оқу мәселесін зерттеп, бұл салада құнды еңбектермен танымал. Соның бірі Өмірбекова Қ.Қ. «Көмекші мектеп оқушыларының жазуындағы қателерінің түрлері» атты жұмысында мектепке дейінгі жастағы қазақ тілді балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктерін анықтауға бағытталған зерттеулер жүргізді [3]. Зерттеу нәтижесінде қазақ тілді ЖСТД балалардың сөйлеу тілінде көптеген кемшіліктер, қателіктер кездесетінін анықтады. Ол кемшіліктер сөйлеу тілінің құрылымдық компоненттерінің барлығына қатысты, атап айтсақ, фонетикалық, лексикалық, грамматикалық жағы. Сөйлеу тілі дамымаған қазақ тілді балалардың дыбыс айтуын тексеру барысында көбінесе ызың, ысқырық дыбыстардың жиі бұзылатыны байқалады. Қазақ тіліне тән дыбыстардың ішінде: ң, қ, ү, ұ фонемаларын алмастыру, шатастыру жиі кездеседі. Сонымен қатар, балалардың фонематикалық қабылдау деңгейі өте төмен екені, ал дыбыстық талдау дағдыларының қалыптаспағанын анықтаған және көмекші мектеп оқушыларын тілге оқыту әдістемесінде мазмұндама және шығармалар жазуға үйрету жұмыстарымен толықтырған. Арнайы білім беру жүйесінің дамуы туралы ғылыми еңбектер Г.М. Коржова мен А.Қ. Сатованың диссертацияларында көрініс алады. Нақты Г.М. Коржова кемтар балаларды еңбекке баулу жүйесінің даму тарихын анықтаған, ал А.Қ. Сатова дефектолог кадрларын даярлау жүйесінің қалыптасу мен жетілдіру мәселелерін зерттеген.
Қазіргі уақытта арнайы педагогика кафедрасында зерттеудің төмендегідей бағыттары айқындалған: мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру процесіне қосудың ұйымдастырылған педагогикалық жағдайлардың сөз туындату дағдыларын қалыптастыру, қазақша оқытылатын ақыл-ойы кем балаларды сауат ашуға үйретудің ғылыми-әдістемелік негіздері ретінде көмекші мектеп оқушыларының сөйлем құрау ерекшеліктерін анықтау. А.А. Тайжан, Л.И. Завалишина, Л.Н. Манжуова, Г.С. Шубаева зерттеу жұмыстарында мүмкіндігі шектеулі балаларға медициналық-педагогикалық және әлеуметтік қолдау көрсетудің медициналық аспектілерін қарастырған. Ең алғаш рет Қазақстанда есту қабілеті зақымдалған тұлғаларға арналған «Естімейтіндер әлемінде» атты терминалогиялық сөздік шығарылды (Ж.И.Кошикова). Сөздіктің қазақша, орысша, ағылшын тіліндегі түп нұсқаларын шығару мәселесі БҰҰ-дағы мүгедектердің құқықтары жайлы (2007) конвенциясымен бекітілуде. Сонымен қатар, мемлекет Конвенциясы мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қатысты бірқатар өзгерістерді қабылдады. Ең алғаш қазақ кемтар балалардың ерекшеліктерін ғылыми зерттеулері тәуелсіздіктен кейін жүре бастады. А.Н.Аутаева естуінде ауытқуы бар балалардың дыбыс айтуын қалыптастыру ерекшеліктерін зерттеген. Бұл отандық естуінде ауытқуы бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу саласындағы алғаш ғылыми жұмыс [4]. Ол есту қабілеті бұзылған қазақ тілді балалардың дыбыс айтуын қалыптастыру психологиялықтүзету жұмысында олардың потенциалды мүмкіндіктеріне, қазақ тілінің дыбыстық жүйесінің психолингвистикалық негіздеріне, сөйлеу тілі дамуының психологиялық, психофизиологиялық заңдылықтарына сүйене отырып жүргізу қажеттігін қарастырған. XX ғасырдың 60 жылдарынан бастап көмекші мектептер жұмыс істеп келеді.
Қазақстан тәуелсіздігін алған жылдардан бастап, мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған балабақшалар мен мектептер ашылып, педагогпсихолог мамандар жүйелі түрде біліктілікті арттыру кустарынан білімдерін жетілдіріп, осы салада ғалымдар жемісті еңбек етіп келеді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Намазбаева Ж.И. Развитие личности в процессе психологизации современного образования. Монография. Алматы: Улагат КазНПУ им Абая,
2013. -17 c.
2. Сулейменова Р.А. Организационно-технические основы ранней коррекционно-педагогической помощи детям с ограниченными возможностями. //Автореф. дис. док. пед. н. -М., 2001. -15 c.
3. Омирбекова К.К. Формирование связной письменной речи учащихся IV классов вспомогательной школы. //Автореф. дис. канд. пед. н. М., 1985. 13 c.
4. Аутаева А.Н. Психолого-педагогические основы формирование звукопроизношение у детей-казахов с нарушениями слуха 7-8 лет. Дисс. Алматы, 1999. -14 c.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *