
ДЕНЕНІҢ ЕРКІН ТҮСУІ – Жердің тарту күші өрісінде дененің бастапқы жылдамдықсыз қозғалысы. Дене Жер радиусымен қарайлас биіктен еркін түс- кенде, ауырлық күшінің шамасы берілген географиялық ендік үшін тұрақты шама деп есептеледі. Дененің еркін түсуі Жердің ортасына дейінгі қашықтыққа байланысты болатын тартылыс күші және ортаның кедергі (ауаның немесе судың) күшінің әсерінен болады. Дененің еркін түсуіне Жер бетіне қатысты оның тәу- ліктік айналасының бұрыштық жылдамдығының (ω ≈ 0,0000729 рад/сек) әсері болады.
Егер Жердің дәл сфера еместігі және Жердің айналу әсері (ω-нің аз шама екендігі), сонымен бірге ауаның кедергісі ескерілмесе, еркін түсу кезін шамалы биіктен (дененің еркін түсу жылдамдығы аз болса) немесе өте жоғары биіктен (жолдың негізгі бөлігі ауасыз кеңістікте өтсе), онда еркін түсетін дененің ауырлық ортасы түзу сызықты бағытпен Жердің ортасына қарай бағытталады. Жердің радиусымен (R) салыстырғанда жер бетінен есептегенде дененің аласа биіктіктен (h) еркін түсуі кезіндегі ауырлық күштің r-ге тәуелділігі ескерілмесе және дененің ауырлық күшінің ортасы (орталығы) тұрақты үдеумен gо (тартылыс күшінің үдеуі) қозғалады әрі мына заң бойынша артатын жылдамдықпен қозғалады деп есептеуге болады:
υ = 2g0 (1), мұндағы х – бастапқы жағдайдан бастап есептелген жол. Дененің үлкен биіктіктен (h) еркін түсуі кезінде тартылыс күшінің r = R+h – х қашықтыққа тәуелділігін ескеру қажет. Сол себепті еркін түсетін дененің ауырлық ортасының үдеуі мына заң бойынша: w= gо R2/r, ал жылдамдық мына заң бойынша өзгереді: 2g υ = .
///
Жердің айналуының негізгі әсері дененің еркін түсуіне – тартылыс күшіне ауыспалы инерция күшін қосу арқылы ескеріледі. Осы екі күштің қосындысы тік бағытпен бағытталған ауырлық күшіне (Р) тең болады, бұл күш дененің салмағына тең, осы күштің әсерінен дененің еркін түсуі жүзеге асады. Еркін түсу үдеуінің (ауырлық күш үдеуі) g қосымша әсері инерциялық кориолис күшін енгізу арқылы ескеріледі.