ДЕНЕЛЕРДІҢ ЖҮЗУІ

ДЕНЕЛЕРДІҢ ЖҮЗУІ – сұйыққа (немесе газға) жартылай не толық батырылған қатты дененің тепе-теңдік күйі. Денелердің сұйықта жүзу теориясының негізгі мәселесі – сұйыққа батырылған дененің тепе-теңдік жағдайын анықтау және тепетеңдіктің орнықтылық шартын түсіндіру. Денелердің жүзуінің қарапайым шарты Архимед заңы бойынша анықталады. Егер дене сұйыққа жүк ватерсызығы аb жазықтығына дейін батырылған болса (сызбаға қараңыз), онда денеге әлгі жазықтыққа перпендикуляр бағытта ортадан (А) өтетін бағытта ығыстырушы күш (F) әсер етеді, бұл күш ауырлық күшке (Р) тең болады. Тепе-теңдік жағдайда F және Р күштері бір түзудің бойымен әсер етеді. Егер дене тепе-теңдік

күйден ауытқитын болса, онда денеге F және Сұйыққа батырылған [жүк ватерсы- Р күштер жұбы әсер етді. Осы күштер денені зығына (аb) дейін] денеге ықпал етуші күштер.

тепе-теңдік жағдайға келтіруге әрекеттенетін болса, тепе-теңдік орнықты, ал қарама-қарсы жағдайда – орнықсыз болады. Тепетеңдіктің орнықтылығын метаорнықтылықтың қалпына қарап та анықтауға болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *