ДЕНЕНІҢ САЛМАҒЫ

ДЕНЕНІҢ САЛМАҒЫ – жер бетіне жақын орналасқан денеге әсер ететін ауырлық күштің сан жүзіндегі шамасы. Массы m дененің салмағы Fω = mg болсын. Егер дене жер бетінде тыныш орналасқан болса, Fω салмақ күшінің қорытқы күші Fқ тартылыс күші тудыратын FG күш пен жер бетінің дене салмағына қарсы әсер ететін реакция күшінің F қосындыларына тең болады, яғни Fқ = FG + F (1). Ньютонның үшінші заңы бойынша осы реакция күші m массалы дененің Жерге әсер ететін Fω күшке қарама-қарсы бағытта әсер етеді және әлгі күшке тең болады. Сол себепті F = Fω. Осы өрнекті (1) теңдіктегі өз орнына қоятын болсақ, Fқ = FG

+ Fω, бұдан Fω = FG – Fқ (2).

m массалы дене жер бетінде тыныштықта болғандықтан, Fқ күш нөлге тең болады, яғни Fω = FG немесе Fω = mg, осы соңғы өрнек жер бетінде орналасқан m массалы дененің салмағы болып табылады.

Енді дене жатқан тірек жазықтық а үдеумен төмен қарай қозғалады дейік. Осыған ұқсас жайт лифтінің төмен қарай түсуі кезінде байқалады. Сонда әлгі дененің салмағы Fқ – mа өрнегіне тең болмақ, осы өрнектен Fқ = mа өрнегі шығады.

 

Fқ өрнегінің мәнін (2) теңдіктегі өз орнына қойылатын болса, Fω = FG – mа немесе Fω = m(g–a) өрнегі пайда болады. Егер үдеу (а) төмен қарай бағытталған болса, лифт төмен түсе бастаған кезде лифтідегі адамның салмағы кеми бастайды. Егер лифт жоғары қарай үдей қозғалатын болса, а үдеудің таңбасын қарама-қарсы өзгерту қажет, сонда лифтідегі адамның салмағы Fω = m(g+a) өрнегімен анықтала- тын болады. Лифт төмен қарай еркін түсетін a = g жағдайда адамның салмағы Fω = –m(g–a)-ға тең, a = g болғандықтан, (g – a) мүше нөлге тең болады, олай болса, лифтідегі адамның салмағы да нөлге тең болмақ. Осы жайт салмақсыздық деп аталған.

Ғарыштық ұшу кемелеріндегі және ғарыштық стансаларда пайда болатын салмақсыздық күйдің құпиясы осындай.

Егер де лифт еркін түсу үдеуінен (g) артық үдеумен (х) төмен құлдилайтын болса, жағдай күрт өзгеретін болады. Лифтегі адам төбесімен лифтің төбесіне қысылатынын болжау оңай. Осы жағдайда адам лифт төбесіне аяғымен тік тұрғаны жөн болмақ.

Салмақсыздық күй ұшақтың немесе ғарыштық кеменің еркін түсу үдеуімен қозғалысы кезінде жылдамдықтың бағытына және қозғалысының жылдамдығына тәуелсіз түрде пайда болады. Жер атмосферасынан тысқары кеңістікте ғарыштық кеменің қозғалтқышының жұмысы тоқтатылған кезде ғарыштық кемеге тек бүкіләлемдік тартылыс күші ғана әсер етеді. Осы күштің әсерінен ғарыштық кеме және ондағы барлық заттар бірдей үдеумен қозғалатын болады, сондықтан ғарыштық кемеде с а л м а қ с ы з д ы қ  күй байқалады.

Егер дене мен тірек жоғары қарай үдемелі қозғалатын болса, дененің салмағы оған әсер ететін ауырлық күштен артық болады. Осы жағдайда дене салмағының модулі Р = m(g+а) теңдігіне тең. Сонымен, тірек пен ілгектің үдемелі қозғалысы тудыратын дене салмағының артуы асқын салмақ деп аталған. Ғарышкер ғарыштық кеме орбитаға ұшып шығар кезде және Жерге қайтып оралар кездегі төмен құлдилап қалың атмосфера қабатына енген кезде асқын салмақтың әсеріне ұшырайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *