САХНА ТІЛІ

САХНА ТІЛІ

Сахна тілі — театрда коюға арналған көркем драмалық шығармаларды актерлердің сахнада айту, орындау формасы. Сахна тілінің қалыптасуы екі тұрғыда қарастырылады.

1)       актердің сөзді айту техникасын жетілдіруі: оған қажетіне карай дауысты көтеріп не баяулатып айту, дауысты құбылтып (қорқу, қуану, ренжу т.б. күйлерге байланысты), оған бояу қосып айту, дауысты кідірту, жылдамдату сияқты сахнада айтылар сөз үдесінен шығатын шеберлік жатады.

2)       сахнада айтылатын сөз мәдениетін жетілдіру: оған сөздің дұрыс, айқын айтылуын, құлаққа жағымды, әсерлі естілуін талап ететін шеберлік түрлері жатады. Сахна тілінің сәтті шығуы актермен қатар шығарма авторына, сценарийшіге, режиссер мен шығарманы сахнада коюшыға да байланысты.

Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. — Алматы, 200

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *