РЕСМИ СТИЛЬ

РЕСМИ СТИЛЬ

Ресми стиль іс-қағаздарда, нұсқау хаттар мен кеңсе құжаттарында қолданылады. Ол ресми құжаттар мен ісқағаздарының стилі деп те аталады. Ресми стильге тілдік тұрғыдан төмендегідей талаптар қойылады:

1)       түйіндеменің дәлдігі немесе бір мағыналылығы;

2)       айқындық немесе жүйелілік;

3)       логикалық, яғни қайшылықтың болмауы, дәлелділігі;

4)       баяндаудың ықшамдылығы, артық сөздің болмауы.

Лингвистиканың салалық тұрғысынан да мәтінге қойылатын талаптар болады: 1) Лексикада — ресми құжаттар мен ісқағаздарына тікелей қатысы бар сөздерді орнымен қолдану, көнерген сөздерді бейтарап, кітаби немесе әдеби сөздермен алмастыру;

2)       морфологияда — жалпылық мағына беретін сілтеу есімдіктерін қолданбау;

3)       синтаксисте — сабақтас құрмалас сөйлемдердің (себеп, мақсат, салдар, шарт бағыныңқылы) көбірек жұмсалуына мүмкіндік беру;

4)       қыстырма конструкцияларды қолдануды дағдыға айналдырмау сияқты принциптердің сақталуы бұл стильдің ерекшелігін айқындай түседі.

Сонымен қатар ресми стильдің белгілі бір деңгейде қалыптасқан ережелерінің сақталуы қызметтік құжаттардың мазмұны мен ресімделуінде қатаң талап етіледі. Құжат тілінде грамматикалық, лексикалық, стилистикалық, орфоэпиялық және орфографиялық нормалардың сақталуы ресми стильдің негізгі талаптарына жатады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *