
ГРАВИТАЦИЯЛЫҚ КОЛЛАПС (латынша «коллапсус – құлап түскен») – ғарыштық нысанның (объектінің) өлшемдерін едәуір кішірейтуге әкеп соғатын әлгі нысанның меншікті тартылыс күшінің әсерінен гидродинамикалық сығым- далуы. Гравитациялық коллапстың дамуы үшін қысым күштері не мүлдем болмауы, немесе ,ең болмағанда гравитациялық күштерге қарсыласуға жеткіліксіз болуы қажет. Гравитациялық коллапс жұлдыздардың екі шекті эволюциялық (даму) кезеңінде пайда болады. Біріншіден, жұлдыздардың тууы олардың пайда болатын гравитациялық коллапсты газ–тозаң бұлттардан басталған, екіншіден, кейбір жұлдыздар гравитациялық коллапс арқылы нейтрондық жұлдыз күйіне немесе қара апанға ауысып өздерінің соңғы эволюциясын аяқтайды.
Нейтрондық жұлдыздар мен қара апандардың пайда болуы кезіндегі гра- витациялық коллапстың басталуына атомдық ядроларын оларды құраушы нуклондарға диссоциялаудың және (немесе) электрондық нейтриноны шығару тәсілімен энергияны қарқынды шығындаумен қабаттасу салдарынан жұлдыздар- дың тепе-теңдік орнықтылығының жоғалтылуы түрткі болған.
Гравитациялық коллапс жұлдыздар эволюциясының басталуы және аяқталуы туралы сигнал беретін күрделі үрдіс (процесс) болып табылады.