
ГОМОГЕНДІ РЕАКТОР (грекше «һомогенес – біртекті» + латынша» ре… – қайталау + акцио-әсер») – нейтрондар үшін біртекті орта болатын, ядролық отын (уран, плутоний) мен баяулатқыш (су, ауыр су, т.б.) гомогенді қоспа түзетін ядролық реактор. Қоспа ядролық отын мен баяулатқыштың сұйық ерітіндісі немесе нейтрондардың еркін жолының ұзындығымен салыстырғанда жеткілікті мөлшердегі кіші өлшемді бөлшектердің қалқымалы ортасы түрінде болады. Бұл реакторда арнайы жылу тасығыштар пайдаланылмайды. Бұл реактор негізінен физикалық зерттеулерде қолданылады. Гомогенді реактор жасаудың техникалық күрделілігі оның кеңінен тарауына кедергі болуына қарамастан арзанға түсетін- дігі, активті зонасын тазалаудың оңайлығы және пайдалы әсер коэффициентінің жоғарылығы гомогенді реактордың пайдалануын жеңілдеткен.