ГАММА-СӘУЛЕ

ГАММА-СӘУЛЕ – қысқа толқынды электрмагниттік сәуле шығару
(толқын ұзындығы λ≤10–8 м). Өте қысқа толқында гамма-сәуленің толқындық қасиеті әлсіз байқалады. Бірінші орынға корпускулалық қасиеті шығады. Гаммасәулелер энергиясы ࣟγ=ħω (ω – сәуле шығару жиілігі) және импульсі р= ħω/c фотондар секілді гамма-кванттардың ағыны болып табылады.
γ-кванттар құраушы ядролар қоз- дырылған күйлерде болатын жағдай- лардағы радиоактивті ыдыраулармен
қабаттаса шығарылады. Ядро жоғары
a-, β- және гамма-сәулелерінің магнит өрісінде
энергиялы деңгейден төменгі деңгейлер ауытқуы.
193 арасындағы ауысулардың Энергия деңгейлерінің айырымына тең болатын ауысулар кезінде γ-кванттар шығарылады. Қоздырылған күйлердегі ядролардың «өмір сүру» уақыты осы күйдегі және γ-кванттар шығаратын ауысулардың болуы мүмкін болатын төменгі деңгейдің қасиеттерімен (спинімен, жұптылығымен, энергиясымен) анықталады.
γ-активті ядроның «өмір сүру» уақыты олардың энергиясының кемуіне байла-
нысты және ядроның бастапқы және соңғы күйлерінің спиндерінің айырымының артуына орай кенеттен артатын болады. Осының салдарынан ядроның негізгі күйімен қатар оның метатұрақты қоздырылған (изомерлік) күйі салыстырмалы түрде ұзақ (кейде жылдар бойы) уақыт сақталатын болады. Ядроның радиоактивті ыдырауы кезінде әдетте γ-кванттардың энергиясы ( ࣟγ) 10 кэВ-тан 5 МэВ-қа дейін байқалады. Жоғары энергиялы гамма-кванттар қарапайым бөлшектердің ыдырауы кезінде пайда болады. Бейтарап тыныштықтағы пи-мезон ыдырағанда ~70 МэВ энергиялы гамма-сәуле шығады.
Шапшаң электрондардың зат арқылы өтуі кезінде туындайтын гамма-cәуле ядроның кулондық өрісінде тежелуінің салдары болып табылады. Үдеткіштердегі зарядты бөлшектер тежеуіштік гамма-сәуле шығарады (максимал энергиясы бірнеше ондаған ГэВ болады). Гамма-сәуленің өтімділігі жоғары. Гамма-сәуленің затпен өзараәсерлесуі кезінде пайда болатын үрдістер: фотоэффект, Комптон эффектісі және электро жұбының – позитронның пайда болуы. Фотоэффект кезінде атомның электрондарының бірі γ-кванты жұтады, γ-квант энергиясы электронның кинетикалық энергиясына түрленеді.
γ-кванттар ядролық реакцияларда және радиоактивті ыдырау, сонымен қатар
шапшаң қозғалатын зарядты бөлшектердің затпен өзараәсерлесуі кезінде таратылады. Бұл сәуле ғарыштық сәулелер құрамында да кездеседі. Гамма-сәуле ядролардың және қарапайым бөлшектердің қасиеттерін зерттеу кезінде, ауыр әрі үлкен көлемді құймаларды және балқытылып біріктірілген жапсырларды сәулелеп тексеретін дефектоскопияда, сәулелік терапия мақсатында медицинада, пластмассаларды полимерлеу үшін радиациялық химияда т.б. қолданылады. Гамма-сәулелер радиациялық беріктілігі төмен электрондық аспаптарды істен шығаруы немесе олардың жұмысын бұзуы мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *