
ГАММА-СПЕКТРМЕТР (латынша «спектрум – көрінетін, көріну» + «метр – өлшеуіш») – гамма-сәулелердің кванттық энергиясын және оның қарқындылығын (1 секундтағы γ-кванттарының санын) өлшеуге арналған аспап. Көпшілік гаммаспектрметрлерде γ-кванттардың энергиясы – γ-сәуленің заттармен өзара әсерлесуі нәтижесінде пайда болатын зарядталған бөлшектердің энергиялары бойынша анықталады. Гамма-спектрметрдің тиімділігі мен ажыратқыштық қа- сиеттері негізгі сипаттамалар болып табылады. Тиімділігі екінші ретті бөлшектердің пайда болу және оны тіркеу мүмкіндігімен анықталады. Ажыратқыштық қасиеті энергиялары бойынша жақын γ-сызықтарды ажырату мүмкіндігін сипаттайды. Монохроматты γ-сәулені өл- шеу кезінде белгілі болатын сы- зықтардың салыстырмалы ені ажыратқыштық қасиеттің өлшеуі-
ші болады, бұл өлшеуіш сан жүзінде Магниттік γ-спектрметрдің сұлбалық көрінісі. Су- рет жазықтығына перпендикуляр бағытталған Δࣟ/ࣟ қатынасымен анықталады, магниттік өрістегі (Н) радиустары электрондар мұндағы Δࣟ – сызықтардың ені, ࣟ – мен өріс (Н) энергияларымен анықталатын шең- бер бойынша қозғалатын екінші реттік элек-
екінші реттік бөлшектердің энер- трондар. Өріс өзгерген кезде детектор әртүрлі гиясы. энергиялы электрондарды тіркейді. Қорғасыннан
жасалған қорғаныш штрихталып көрсетілген.
Магниттік гамма-спектрметрдің сұлбасындағы радиаторда γ-квант жұтылғанда электрондар немесе позитрон- дар пайда болады; бұлардың энергиясы магниттік бета-спектрметрдегідей өлшенеді. Радиаторда Комптон эффектісінің нәтижесінде атомдық нөмері (Z) кіші заттардан электрондар пайда болады, егер γ-кванттар энергиясы аз болса, онда радиаторда фотоэффект салдарынан атомдық нөмірі (Z) үлкен заттардан электрондар түзіледі. Энергиясы ħω = 1,02 МэВ-ке тең болғанда электрон-позитрон жұбының пайда болуы мүмкін. Электрон мен позитронның қосынды энергиясы γ-квант энергиясын анықтауға мүмкіндік тудырады.