
ГАММА-ЛАЗЕР – γ-диапазондағы когерентті электрмагниттік сәуле шығару көзі. Көбінесе қысқаша түрде «гразер» немесе «газер» деп те аталады, бұл атау ағылшынша «Gamma Ray Amplitication by Stimulated Emission of Radiotion» («Еріксіз сәуле шығару арқылы γ-сәуле шығаруды күшейту») деген сөйлемнің бас әріптерінен қысқартылған атау. Әзірше еріксіз сәуле шығару γ-диапазонда жүзеге асырылмаған. Рентгендік және γ-диапазондарда еріксіз сәуле шығару рентгендік құрылымдық талдауда, ядролық физикада (ядролық реакциялардың өтуіне әсер ету) жаңа әдістер ашпақшы. Гамма-лазер идеясы оптикалық лазердің шығуына, Мессбауэр эффектісінің ашылуына байланысты пайда болған. Бұл идеяны алғаш рет 1961 жылы көтерген ғалым Л.А.Ривлин болды.