ГАЛЬВАНИ ЭЛЕМЕНТІ

ГАЛЬВАНИ ЭЛЕМЕНТІ – тотықтандырутотықсыздандыру реакциялары есебінен химиялық энергияны электр энергиясына тікелей түрлендіретін құрылғы; токтың
Луиджи Гальванидің тәжірибесі:
химиялық көзі. 1786 жылы итальян физигі «жануар электрі».
191 әрі физиологы Гальвани (1737 – 1798) «жануарлар электрі» деп атаған «құбылысты» ашқан болатын. Ол осы «жаңалығын» 1791 жылы жариялаған. Осыны естіген оның отандасы Александр Вольта (1745 – 1827) Гальванидің тәжірибесін қайталап оның тұжырымының жаңсақтығын ашып, электр тогының бақаның бұлшық етінің жиырылуы – металл пластинаның электрод, ал бақаның денесіндегі сұйықтықтың электролит ретінде әрекет ететінін дәлелдеген. Вольтаның осы жаңалығы 1799 жылы оның вольттік орамының жасалуына себепші болған. Бұл орамның әрқайсысы екі электродтың (мырыш пен күмісте) және теңіз суына шыланған картоннан құралған – батарея бол- ған. Осы батарея дүние жүзіндегі ең алғашқы электр батареясы болған.
ГАЛЬВАНИ… (итальян физигі Гальванидің (1737 – 1798) есімі бойынша) – «гальваникалық», «гальванизм» т.б. сөздердің орнына қолданылатын күрделі сөздің бастапқы бөлігі (мыс., гальваниметр, гальванипластика).
ГАЛЬВАНИМЕТР (гальвани… + метр) – шамасы аз токтар, кернеулер және электр мөлшерлерін өлшеуге арналған сезгіштігі жоғары электрөлшеуіш аспап. Электр тізбегінде токтың немесе тізбектің кез келген екі нүктесі аралығындағы потенциалдар айырымының болатынын-болмайтынын анықтайтын нөлдік индикатор ретінде де қолданылады. Гальваниметрлер тұрақты ток және айнымалы ток гальваниметрі болып екіге ажыратылады. Ең алғашқы гальваниметрді 1882 жылы итальян физиктері: Жак Д,Арсонваль (1851 – 1940) мен Марсель Депре (1842 – 1918) бірлесіп жасаған, олар жасаған гальваниметр – апериодты гальваниметр болған. Алғашқы гальваниметр магнит-электрлік жүйе принципі бойынша жасалған. Онда орам өзегіне орналасқан магниттік тіл болған. Орамда ток болмаған кезде магниттік тіл магниттік меридиан бойынша бағытталып тұрады. Катушкадан ток өткен кезде, ол бағытын өзгертеді. Ток шамасын өлшеу тәсіліне орай гальваниметр «тілді» және айналы түрлерге ажыратылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *