ГАЛЬВАНИТЕХНИКА

ГАЛЬВАНИТЕХНИКА (итальян физигі Луиджи Гальванидің (1737 – 1798) құрметіне + грекше «махине – өнер, кәсіп, шеберлік») – қолданбалық электрхимияның металл және бейметалл (металл емес) бұйымдардың бетіне электролиттік тәсілмен метал қабатын (қабықшасын) жалату, шөктіру. Гальванитехника гальванистегия (гальвани және грекше «стего – қаптау») және гальваниплас- тика (гальвано және грекше «пластикс – шаптау») деген салаларға ажыратылған. Гальванистегия – бұйымның бетіне берік ілініскен (жапсырылған) жұқа қабат қаптау, ал гальванопластика – бұйымнан оңай ажыратылатын салыстырмалы түрде әжептеуір қалыңдау әрі бұйымның дәл көшірме бейнесін (матрицасын) жасау. Гальванитехникалық үрдістер электролиттен (сәйкес металдардың немесе олардың қоспа тұздарының балқымалары, сулы немесе сусыз ерітінділер) шығатын металдардың оң зарядын, иондарын электролит арқылы тұрақты ток жіберілгенде катодқа (катод ретіндегі бұйымға немесе матрицаға) шөктірілуі негізінде жүзеге асырылады. Гальванитехника тәсілінің гальванипластика саласын 1838 жылы орыс физигі Борис Якоби (1801 – 1874) ойлап тапқан.
ГАММА (γ) – 1) магниттік өрістің кернеулігінің Эрстедтің жүз мыңдық үлесіне тең бірлігі: 1γ = 10–5 Э = 7,95775·10–4 А/м. 2) Массаның сирек қолданылатын бірлігі: 1γ = 10–9 кг = 10–6 г.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *