БӨГДЕ СӨЗ Бөгде сөз — сөйлегенде не жазғанда баяндап отырған мәселеге байланысты келтірілген басқа біреудің сөзі не пікірі. Бөгде сөзді баян дап отырған мәселе жөнінде автордың өз пікірі мен тұжырымдарының дұрыстығын дәлелдеу, соны кеңейтіп көрсету мақсатында қолданады. Бөгде сөзді көп жағдайда басқа біреудің сөзі, я пікірін ешқандай өзгеріссіз беріп, төл сөз түрінде қолданса, кейде басқа біреудің пікірінің мазмұны сақтап, бірақ құрылымын өзгертіп, төлеу сөз түрінде де қолдануы мүмкін. А.Байтұрсынұлы «Тіл – құралы» атты еңбегінде бөгде сөзді «келтірінді сөз» деп атаған. Ал Ә.Әбілқаев бөгде сөзді арнайы зерттеу нысаны етіп алып, тереңірек қарастырды. Оның нәтижесі – 1956 жылы жарық көрген «Қазақ тіліндегі төл сөз бен төлеу сөз» еңбегі. Тілімізде бөгде сөздің үш түрі бар: 1) Төл сөз; 2) Автор сөзі; 3) Төлеу сөз