ВАЛЕНТТІЛІК
Валенттілік (лат. valentia — күш) – бір сөздің өзге сөздермен синтак систік байланыс жасау қабілеті. Валенттілік сөздің басқа сөз дермен үйлесімділігі ретінде де танылады. Тілдегі сөздердің өзіне тән үйлесу қабілеті сол тілдің грамматикалық заңдылықтарына сай қалыптасады. Қазақ тіліндегі құрама баяндауыштарда дәнекерлік қызмет атқаратын ал, бер, сал, қой, еді т.б. көмекші етістіктердің, қимыл атауларын, сапа, қасиет атауларын білдіретін есімдердің валенттілігі күшті. Валенттілік міндетті және факультативті (міндетті емес) болып бөлінеді. Мысалы, Мойнына алқа салды дегенде мой нына – міндетті валенттілік, ал алқа – факультативті валенттілік бо лып табылады.