
ВОЛЬТ-АМПЕРЛІК СИПАТТАМА – токтың электр тізбегінің бөлігіне түсірілген кернеуге тәуелділігі немесе электр тізбегінің бөлігіндегі кернеу түсуінің осы тізбектен өтетін токқа тәуелділігі. Егер бөліктің кедергісі осы токқа тәуелді болмаса, онда вольт-амперлік сипаттама – координатордың бас нүктесін басып өтетін түзу сызық болады. Электр тізбегінің сызықсыз бөлігінің (электр-вакуумды, газразрядты, қатты денелі аспаптардың) вольт-амперлік сипаттамасының сызықтық емес учаскесі болады және олардың түрлері (N және S тәрізді сызықтар) әр қилы болады.