ВОЛЬТМЕТР

ВОЛЬТМЕТР (вольт – электр кернеуін өлшеу бірлігі + грекше «метрео — өлшеймін») – электр тізбегіндегі кернеуді өлшеуге арналған аспап. Бұл аспап кернеуі өлшенетін тізбектің бөлігіне параллель қосылады. Тізбектің ырғағын бұрмаламау үшін вольтметрдің кіріс кедергісінің үлкен болуы қажет.
Қарапайым вольтметрдің негізгі бөлігі магнитэлектрлік, электрмагниттік, электрдинамикалық немесе электрстатистикалық өлшеуіш механизмдер болып табылады; осындай вольтметрлер тізбектегі айнымалы және тұрақты токтар кернеулерін өлшеуді қамтамасыз етеді. Тізбектегі жоғары жиілікті және аса жоғары жиілікті айнымалы токты өлшеу үшін өлшеуіш механизмнің алдында түзеткіш немесе айнымалы токты тұрақты токқа түрлендіруші термоэлектрлік түрлендіргіш қосылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *