ВОЛЬТ-АМПЕР

ВОЛЬТ-АМПЕР (В·А, V·А) – электр тогының толық қуатының бірлігі, яғни электр тізбегінде әсер ететін ток күшінің тізбектің қысқыштарындағы кернеудің көбейтіндісімен анықталатын қуат. Қуат активті (СИ бірлігінде ватт) және реактивті қуаттарға ВАр бірлігінде) ажыратылған. Айнымалы токтың толық қуаты – тізбектегі токтың (ампер өлшемімен алынған) және оның қысқыштарының ұштарындағы кернеудің (вольт өлшемімен алынған) әсерлік мәндерінің көбейтіндісіне тең. Токтың және кернеудің әсерлік мәндері айнымалы токқа арналған амперметр және вольтметрмен өлшенеді. Толық қуаттың электр тізбегінің активті қуатынан (өлшеу бірлігі ватт және UI cosφ өрнегімен анықталатын) және электр тізбегінің активті қуатынан (өлшеу бірлігі вар және І·U sіnφ өрнегімен анықталатын) өзгешелігі бар.
Мұндағы φ – кернеу (U) мен токтың (І) арасындағы фазаның ығысу бұрышы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *