
ВИННІҢ СӘУЛЕ ШЫҒАРУ ЗАҢЫ – абсолюттік температураға (Т) тәуелді түрде тепе-теңдік сәуле шығару спектріндегі энергияның үлестірілу заңы. Бұл заңды 1893 ж. неміс физигі Вильгельм Вин (1864–1928) ашқан. Осы заң жоғары жиілікке (ν) арналған (қысқа толқын ұзындығы үшін λ = с/ν) Планктің сәуле шығару заңының шекті жағдайы болып табылады.