ВИРТУАЛ

ВИРТУАЛ (латынша «виртуалис – мүмкін, сондай») – белгілі бір жағдайлар кезінде пайда болуы мүмкін; физикалық тұрғыда жүзеге асырылмайтын немесе нақты жағдайда болатын нәрселерден өзгеше жайт.
ВИРТУАЛ АУЫСУЛАР, к в а н т т ы қ т е о р и я д а – физикалық микрожүйелердің виртуал бөлшектердің тууымен және жойылуымен байланысты бір күйден өзге күйге ауысулары.
ВИРТУАЛ БӨЛШЕКТЕР, к в а н т т ы қ т е о р и я д а – нақты бөлшектерге сәйкес келетін кванттық сандары (спині, электрлік және бариондық зарядтары, т.б.) болатын; бірақ та бұлар үшін әдеттегі (нақты бөлшектер үшін тура) энергия
(ࣟ), импульс (р) және масса (m) арасындағы байланыс орындалмайтын бөлшектер: ࣟ2 ≠ р2с2 + m2с4. Осы бұзылыс энергия мен уақыт аралығындағы кванттық анықталмағандық қатынастың салдарынан пайда болады әрі қысқа мерзімді уақытта ғана жүзеге асуы мүмкін (бұл жайт виртуалдық бөлшектерді тәжірибе жүзінде тіркеуге кедергі жасайды); сондықтан виртуалдық бөлшектер тек өте қысқа мерзімді аралық күйлерде ғана кездеседі де тіркелуге уақыты жетпейді. Виртуал бөлшектердің ерекшелігі – олар өзараәсерлесуді тасушылар. Мысалы, екі электронның бір-бірімен өзараәсерлесуі олардың біреуінің электрон шығаруы, екіншісінің виртуалды фотонды жұтуы арқылы жүзеге асырылады.
ВИРТУАЛДЫҚ (латынша «виртуалис – мүмкін, сондай болу») – физикалық тұрғыда жүзеге аспайтын немесе бар нәрселерден айырмашылығы болатын, белгілі бір шарттар кезінде кез келген бір нәрсеге ұқсастырылып елестетілу.
Виртуалдық нақтылық – компьютерлік ойындар, желілер мен жүйелер әлеміне қатысушы ретінде сезінуге арналған бағдарламалық-аппараттық құралдар жиынтығы болып табылады.
ВИРТУАЛДЫҚ КҮЙЛЕР, к в а н т т ы қ т е о р и я д а – микробөлшектер жүйесінің энергиясы, импульсі және массасы арасындағы әдеттегі байланыс орындалмайтын (бұзылатын) қысқа мерзімдікаралық күйлер. Виртуалды күйлер әдетте микробөлшектердің соқтығысулары кезінде пайда болады. Мысалы, нейтрондардың протондармен соқтығысулары виртуалды күйлерде дейтронның пайда болуымен тез ыдырауы жағдайында өтеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *