ВИЛЬСОН КАМЕРАСЫ

ВИЛЬСОН КАМЕРАСЫ – зарядталған бөлшектердің іздерін (траекторияларын) бақылауға арналған аспап. Бұл аспапты 1912 ж. ағылшын физигі
Вильсон камерасының сыртқы
Чарлз Вильсон (1869–1959) жасаған. Зарядталған
көрінісі
бөлшектердің траекторияларының бойында пайда болатын иондарға асақаныққан будың конденсациялануына негізделген. Осының нәтижесінде зарядты бөлшектердің жолдары көрінетін ізге айналады. Камера конденсацияланбайтын газбен (гелий, азот, аргон) және кейбір сұйықтың (су, этил спирті,
т.б.) асақаныққан не қаныққан буымен Вильсон камерасының сұлбалық кескіні толтырылады. Зарядты бөлшек өз жолында кездескен молекулаларды иондайды, яғни бу иондарының тізбегін құрайды. Осы иондар асақаныққан будың конденсациялық ұйытқы орталығына айналады да өте ұсақ тамшылар түрінде шөгетін болады. Осылай бөлшектердің өткен жолының бойында тамшылардан түзілген жіңішке із пайда болады. Зарядталған бөлшектер камераның ішіне орнатылған көзден немесе сыртқы көзден таратылады. Бөлшектердің еркін жолы мен импульсі, магнит өрісінің бөлшектер траекторияларын ауытқытуы бойынша олардың табиғаты және қасиеттері анықталады. Бұл камераның ядролық физика тарихында маңызы зор болды. Осы камерамен қарапайым бөлшектер физикасында бірқатар жаңалықтар ашылған. ХХ ғасырдың 50–60-жылдары бұл камераның орнын көпіршікті камера мен ұшқындық камера басты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *