БІРҚАЛЫПТЫ АЙНЫМАЛЫ ҚОЗҒАЛЫС

БІРҚАЛЫПТЫ АЙНЫМАЛЫ ҚОЗҒАЛЫС – нүктенің жанамалық үдеуі wτ
(түзу сызықты бірқалыпты айнымалы қозғалыс жағдайында барлық үдеу) w тұрақты болатын кездегі осы нүктенің қозғалысы. Бірқалыпты айнымалы қозғалыс кезіндегі нүктенің қозғалыс басталған t уақыттан кейінгі және траекторияның доғасы бойымен есептелген оның бастапқы қалпынан s қашықтықтағы υ жылдамдығы: υ = υ0 + wτ t; s =υ0t + wτ t2/2, мұндағы υ – нүктенің бастапқы жылдамдығы, υ және w-нің таңбалары бірдей болғанда бірқалыпты айнымалы қозғалыс үдемелі, ал таңбалары әртүрлі болса – баяуламалы қозғалыс болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *