
БІРҚАЛЫПТЫ ҚОЗҒАЛЫС – нүкте жылдамдығының υ сан жүзіндегі ша-
масы тұрақты болатын қозғалыс. Нүктенің бірқалыпты қозғалыс кезіндегі t уақыт аралығында жүріп өткен жолы (s) жылдамдық пен уақыттың көбейтіндісіне тең болады, яғни s= υ t. Осы айтылғандар дененің әрбір нүктесіне қатысты орындалатын кезде қатты дене і л г е р і л е м е л і бірқалыпты қозғалатын болады.