БІРДЕЙ ҚАЛЫҢДЫҚТЫ ЖО-
ЛАҚТАР

БІРДЕЙ ҚАЛЫҢДЫҚТЫ ЖО-
ЛАҚТАР – жұқа қабаттар оптикасы эффектілерінің бірі; бірдей көлбеулікті жолақтардан айырмашылығы айнымалы қалыңдықты мөлдір қабаттың бетінен тікелей байқалады. Бұл

жолақтар қабаттың алдыңғы (үстіңгі) және соңғы (астыңғы) қабаттардың шекараларынан шағылысқан жарық интерференциясынан пайда болады. Жолақтардың максимум және минимум жарықталынуы интерференцияланатын сәулелердің жүріс айырымдары бірдей және бүтін санға (λ/2) тең беттердің сызықтарымен үйлесетін болады. Бұл жолақтар жұқа пленкалардың (сабын көпіршіктерінің, май және бензин дақтарының) түрлі түсті болып көрінуін тудырады; бұлар жұқа пластикалар мен пленкалардың микробедерлерін анықтау үшін қолданылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *