Шиеленісу

Шиеленісу (латынша – intrigare – шиеленіс) – көркем әңгіме роман, поэма, драма сюжеттеріндегі оқиғаның шытырманданып, қиыннан қиысуын, қатысушылардың араларындағы тартыстардың бірден асқынуы.

Көркем шығармалардың сюжеттері қызықты, тартымды болуының шын сыры оқиғаның шиеленісуінде. Егер тартыс басталғанда-ақ оқиғаның қалай өрістейтіні, шешуі немен тынатындығы белгілі болса, ондай шығарма оқушысын қызықтырмайды. Сондықтан жазушылар оқиғаның шешуіне жеткенше немен тынатындығын аңғартпай, өзінің ойлаған бағытына оқушыларын еріксіз жетелеп, қаһармандарының соңынан ертіп отырады. Кейде әңгіменің бас жағында, ұнамсыз бейнеде суреттелген қаһармандарды көріп, «Мынау түзелмейтін бір қу шығар?» – деп отырсаң, белгілі бір жағдай, себептердің арқасында түзеліп, ұнамды қаһарманға айналады, алғашқы соғыста қорқақтық көрсеткен солдаттың кейін асқан батырлық істеуі де мүмкін. Қысқасы, жазушылар алуан әдістерді қолданып, шығармаларының сюжетін тартымды, қызғылықты етіп шығаруға күш салады.

Көркем шығармалардағы суреттелетін оқиға, адамдардың араларындағы қарым-қатынастардың қиыннан-қиынға, соқпақтансоқпаққа ұшырап отыруларын шиеленісу дейді.

Оқиғаның сыртқы көрінісін қызық, тартымды етіп беру арқылы, өмірдің өзіндегі шындық болмыстан алыстап, оқушыларын әдейі басқа жаққа жетектеуді мақсат ететін буржуазиялық детективтер аз емес.

Қ.ЖҰМАЛИЕВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *