
БЕТА-БӨЛШЕКТЕР, β-бөлшектер – бета-ыдырау кезінде атом ядросынан бөлініп шығатын электрондар мен позитрондар. Бета-бөлшектер электрондар болса β– таңбасымен, ал позитрондар болса β+ таңбасымен белгіленеді.
Бета-сәуле – бета-ыдырау кезінде атом ядролары тарататын (шығаратын) бетабөлшектердің ағыны.
БЕТА – СПЕКТРМЕТР – бета-ыдырау кезіндегі ұшып шыққан электрондар мен позитрондардың, сондай-ақ конверсиялық электрондардың және гамма-, рентген т.б. сәулелердің заттармен өзараәсерлесуі кезінде пайда болатын электрондардың энергетикалық таратылуын (спектрін) өлшеуге арналған аспап.