
БЕТ – бір нәрсенің сыртқы немесе ішкі ортамен жанасатын жағы.
Гидрофильдік бет – қатты дененің сұйық жұғатын беті.
Гидрофобты бет – қатты дененің сұйық жұқпайтын беті.
Меншікті бет – кеуекті немесе кейбір орталарда дисперсті (ұсақталған қатты дене немесе сұйық) дене бетінің жалпы ауданының оның көлеміне немесе массасына қатынасы.
Толқындық бет – берілген сәтте тербелістер фазаларының бірдей мәндері толқын тудыратын тербелістердің беті.
Үзіліс бет – 1. Қысымның соққы толқынның таралуы кезінде пайда болатын секірісті артатын беті. 2. Ортаны сипаттайтын электрмагниттік шамалар мәндерінің секірісі пайда болатын электрөткізгіштік ортаның беті.
Ферми беті – металдың электрондық күйлері орналасқан аймақты абсолют нөл температура көзінде электрондары болмайтын аймақтан ажырататын квазиимпульстер кеңістігіндегі энергиялары бірдей болатын бет.