БЕЛ

БЕЛ (Б, В) – Халықаралық өлшеу бірлігінің (СИ) логарифмдік салыстырмалы шамасының (екі аттас физикалық шама мәндерінің қатынасының ондық логарифмі) бірлігі. Американ ғалымы әрі өнертапқышы Александр Грэм Беллдің (1847 – 1922) құрметіне аталған. Әдетте белдің 0,1 үлесі – децибел қолданылады. 1 Б=lg (Р2/Р1) (мұндағы Р1, Р2 – энергияның және басқа энергетикалық шаманың қуаты, Р2=10Р1) немесе 1 Б=2lg (F2/F1), мұндағы F және F2 – кернеу, ток күші, т.б. осыған ұқсас шамалар. Бел бірлігі физика және техника салаларында қолданылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *