
БЕККЕРЕЛЬ (Бк, Bq) – Халықаралық бірліктер жүйесіндегі (СИ) радиоактивті көздердегі нуклидтің активтілігінің бірлігі; 1 Бк – 1 секундта бір ыдырау жасайтын нуклидтің активтілігіне тең. Француз физигі Антуан Анри Беккерельдің (1852–1908) құрметіне аталған. 1 Бк=2,703·10–11 кюри=10–6 резерфорд.