АЭРОДИНАМИКАЛЫҚ ҚЫЗДЫРЫЛУ

АЭРОДИНАМИКАЛЫҚ ҚЫЗДЫРЫЛУ – ауада немесе өзге газда үлкен жылдамдықпен қозғалатын денелердің аэродинамикалық кедергі салдарынан қызуға ұшырауы. Аэродинамикалық қыздырылу – денеге соқтығысатын ауа молекулаларының дененің бетіне жуық аралықта тежелуінің нәтижесі болып табылады. Егер дене асқынжылдамдықпен ұшатын болса, онда тежелу ең алдымен дененің тұмсық жағында пайда болады. Молекулалардың әрі қарай тежелуі тікелей дененің бетінде – шекаралық қабатта жүзеге асырылады. Ауа молекулаларының ағыны тежелген кезде оның ретсіз қозғалысының энергиясы артады, яғни қозғалатын дененің бетіне жақын аралықта газ температурасы жоғарылайды. Дыбыс жылдамдығынан үш есе артық асқынжылдамдықпен (1 км/сек шамасында) ұшқан ұшақтың тежелу температурасы ~4000С-қа, ал ғарыштық ұшу аппараты ғарыштан Жер атмосферасына 1-ғарыштық жылдамдықпен (8 км/сек) енген кезде тежелу температурасы ~80000С-қа дейін көтеріледі.
Температурасы артқан газ аймағынан жылу қозғалыстағы денеге беріледі, яғни аэродинамикалық қыздырылу жүзеге асады. Аэродинамикалық қыздырылудың екі түрі болады, олар конвекциялық және радиациялық қыздырылу. Конвекциялық қыздырылу молекулалық жылуөткізгіштік арқылы ыссы шекаралық қабаттан денеге беріледі. Ұшу жылдамдығы ~5000 м/сек-қа жеткен кезде соққы толқынының артындағы температураның шамасы газ энергия бөліп шығаратын мәнге қажет энергия алатын болады. Жоғары температуралы аймақтан энергияны сәулелік тасымалдау салдарынан дененің беті радиациялық қыздырылуға ұшырайды. Жер атмосферасында 1-ғарыштық жылдамдықпен ұшу кезінде радиациялық қыздырылу конвенциялық қыздырылудан кем болады. 2-ғарыштық жылдамдық (11,2 км/сек) кезінде бұлардың мәндері теңеседі. 13–15 км/сек жылдамдықпен нысандар Жерге қайтып оралу кезінде радиациялық қыздырылу басым болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *