
АЭРОСТАТИКА (грекше «аэр – ауа» + «статос – қозғалмайтын») – гидроаэромеханиканың газ тәрізді орталардың тепе-теңдігін, негізінен атмосфераны зерттейтін саласы. Іс жүзінде сығылмайтын сұйықтардың тепе-теңдік заңдарын қарастыратын гидростатикадан айырмашылығы – аэростатика сұйықтардың сығылғыштығынан әлдеқайда артық болатын ауаны және өзге газдарды қарастырады. Аэростатиканың негізгі мәселесі – атмосфера қысымының биіктікке тәуелділігін, сонымен қатар ауада жүзетін денелерде демеуші (ұстайтын) күштерді зерттеу болып табылады. Аэростатиканың заңдары көбінесе атмосфераның тепетеңдігін және ауада ұшу теорияларын зерттеуде қолданылады.