АЭРОДИНАМИКАЛЫҚ ҚҰБЫР

АЭРОДИНАМИКАЛЫҚ ҚҰБЫР – ғылыми тәжірибе жүзінде денелерді орағытып ағу кезінде туатын құбылыстарды зерттеу үшін ауа немесе өзгедей газ ағынын тудыруға арналған қондырғы. Аэродинамикалық құбырда ұшақтарға және тік ұшақтарға, ракеталарға және ғарыштық кемелерге олардың ұшу кезінде, сүңгуір кемелердің су астындағы қозғалысында, олардың орнықтылығы мен басқарылуын;

ұшақтардың, ракеталардың, ға- рыштық және сүңгуір кемелердің, сонымен бірге автокөліктер мен пойыздардың тиімді пішіндерін табуда; жел тудыратын қысымдарды, сондай-ақ ғимараттарға әсер ететін жарылыс (қопарылыс) толқындар тудыратын қысымдарды, әсер ететін күштерді анықтауға арналған ғылыми тәжірибелер жүргізіледі. Арнайы аэродинамикалық құбырда ракеталардың, ғарыштық кемелердің, дыбыс жылдамдығынан шапшаң ұшатын ұшақтардың қызып кетуі
Дыбыс жылдамдығына дейінгі жылдамдық- тағы аэродинамикалық құбырдың жалпылама сұлбасы: 1 – жұмыстық бөлік (көлденең қима- сы дөңгелек немесе тіктөртбұрыш пішінді); 2 – зерттелетін модель; 3 – аэродинамикалық таразы; 4 – сопло; 5 – диффузор; 6 – жыл- дамдық өрісін теңестіргіш; 7 – компрессор (желдеткіш); 8 – бағыттау қалақшалары; 9 – кері арна; 10 – радиатор; 11 – клапан.

және жылудан қорғау мәселелері зерттеледі.
Аэродинамикалық құбырдағы тәжірибелер денелердің ауаға немесе сұйыққа қатысты қозғалысын – тыныш тұрған денелерді орағытып ағатын ауаның қозғалысымен алмастыру принципіне негізделген. Осы принцип негізінде зертханалық жағдайдағы модельдер үшін алынған нәтижелерді нақты өлшемді нақты нысандарға жалпылауға болады. Модельді және нақты нысанды орағытып ағатын өлшемсіз сипаттамалар бірдей болу үшін геометриялық ұқсастықпен қатар аэродинамикалық құбырда Мах саны мен Рейнольдс санының мәндерінің нағыз ұшу жағдайындағы мәндерімен тепе-тең (бірдей) болуы қажет.
Аэродинамикалық құбырлар дыбыстық жылдамдыққа дейінгі және дыбыстың жылдамдығын артық асқынжылдамдықтарға арналған құбырлар болып екі- ге ажыратылған. Дыбыстық жылдамдыққа дейінгі зерттеулерге арналған аэро- динамикалық құбырдың жалпылама құрылысы сұлбада бейнеленген. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *