
АЭРОДИНАМИКАЛЫҚ КЕДЕРГІ, маңдаулық кедергі – кедергі – ауа-
да немесе өзге газдарда қозғалатын денеге әсер ететін күш; бұл күш дененің қозғалу бағытына қарама-қарсы бағытталады және күш аэродинамикалық күш- тің құраушыларының бірі болып табылады. Аэродинамикалық кедергі – дене- нің кинетикалық энергиясының бір бөлігінің жылуға қайтымсыз ауысуының нәтижесі. Бұл кедергі дененің пішініне және өлшеміне, оның жылдамдық бағытына қатысты бағдарлануына және ортаның күйіне тәуелді. Нақты орталарда: шекаралық қабаттағы дененің беті мен ортаның арасындағы тұтқырлық кедергі, асқындыбыстық жылдамдыққа жуық қозғалыс кезін- дегі соққы толқынын тудыру шығыны және құйынды түзілістер орын алады.