
АЭРОДИНАМИКА (грекше «аер – ауа» + «диномис – күш») – гидро- аэромеханиканың ауаның (немесе басқа газдың), денелердің бетінде оларға қа- тысты пайда болатын қозғалысты және күшті зерттейтін саласы. Аэродинами- када дыбыс жылдамдығына дейінгі жылдамдық, яғни 340 м/сек (1200 км/сағ) қозғалыс жылдамдығы қарастырылады.
Аэродинамика ХХ ғасырдың басында авиацияның мұқтаждығына байланысты дербес ғылым ретінде пайда болды. Аэродинамиканың негізгі мәселелерінің бірі – ұшу аппараттарына әсер ететін аэродинамикалық күштерді анықтау болды. Ұшақтардың аэродинамикасында тұтас ұшаққа және оның бөліктеріне – қанатына, фюзеляжіне, тірек бөліктеріне әсер ететін аэродинамикалық күштер мен момент- терді анықтаудың аэродинамикалық есеп-қисабы жасалады. Ұшақтың аэроди- намикасына әдетте орнықтылықтың есеп-қисабы және ұшақтың басқарылымды- лығы, сонымен қатар ауа винттерінің теориясы жатады. Ұшу аппараттарының орнықсыз қозғалысына байланысты мәселелер ұшу динамикасында қарастырылады.
Аэродинамиканың теориялық мәселесі гидроаэромеханиканың теңдеулеріне негізделген. Ұқсастық теориясы негізінде аппараттың кіші масштабты моделін сынай отырып, іс жүзіндегі ұшу аппаратының аэродинамикалық күштері анықталады.